АймақҚарағанды

Қарағандыда студенттерге арналған «Қаржылық қауіпсіздік» зияткерлік ойыны өтті

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті-мен бірлесіп, «Заң және тәртіп» нарративін жүзеге асыру аясында «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында зияткерлік ойын өткізді.

Сурет облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінен

Зияткерлік сайысқа Қарағанды қаласындағы түрлі жоғары оқу орындарынан құралған 5 команда қатысты. Ойын үш кезеңнен тұрды. Турлар құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналды. Атап айтқанда, қатысушылар «дропперлік», заңсыз ойын бизнесі, қаржылық пирамидалар және өзге де экономикалық құқықбұзушылықтар тақырыптары бойынша білімдерін сынады.

Іс-шара интерактивті форматта ұйымдастырылып, студенттер пікірталас пен викториналарға белсенді қатысты. Мұндай формат жастардың қаржылық қауіпсіздік туралы білімін арттырып қана қоймай, құқықтық сауаттылығын нығайтуға және алаяқтық әрекеттерден сақтану дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button