Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда үстел теннисінен республикалық чемпионат басталды

Кеншілер астанасында алғаш рет 11 және одан кіші жастағы шағын ракетка шеберлерінің республикалық чемпионаты өтуде. «Saryarka» үстел теннисі орталығында жалауын желбіреткен аталмыш чемпионатта еліміздің түкпір-түкпірінен келген 250-ден астам жас теннисші бақ сынауда.

Сурет: дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Чемпионатқа 19 ұлдар командасы мен 16 қыздар командасы қатысады. Сонымен қатар, спортшылар командалық, жеке, жұптық және аралас разрядтарда ойнайды.

Бұл үстел теннисінен 2014 жылы туған және одан кіші спортшылар арасындағы алғашқы республикалық чемпионат. Жас теннисшілерімізді халықаралық турнирлерге іріктеу үшін осындай жарыстардың маңызы зор, – дейді жарыстың бас төрешісі, үстел теннисінен ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Эльмира Әлиева.

Жарыс 8 маусымға дейін жалғасады деп жоспарлануда.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button