Бас тақырыпБасты тақырыпСпорт

Қарағандыда үстел теннисінен ел чемпионаты басталды

Қарағандыда 2008 жылы туған және одан жас спортшылар арасында ел біріншілігі басталды. Аталған турнирге 17 өңірден 270-ке жуық спортшы келген. Іс-шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев, облыстық мәслихат депутаты Ерден Халилин қатысып, қатысушыларға жылы лебізін білдірді.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Бүгінгі таңда елімізде үстел теннисі спорты қарқынды дамуда. Оның ішінде, Қарағанды облысы да осы спортты кеңінен насихаттауда. Әлібек Үсенұлы өз сөзінде осы спортты дамытуды баса айтты.

– Қарағанды өңірі ежелден келе жатқан спорттық шаһар. Сондықтан, біз үшін спорттың әр түрі маңызды. Оның ішінде стол теннисі де қарқынды даму үстінде. Бүгінде өңірімізден есімі әлемге танымал спортшылар шыққан. Солардың қатарында Алан Құрманғалиев те бар. Біз осындай спортшыларымызбен мақтанамыз. Бүгінгі турнирге қатысып отырған спортшылардың арасында ел байрағын әлемдік аренада көтеретін жандар да бар, – деді Әлібек Әлденей.

Аталған турнир командалық, жеке және жұптық разрядта өтеді. Әр команда 5 ұл және 5 қыздан жасақталған. Сондай-ақ, командалық есептен тыс жеке жарыстарға үш спортшыдан қатысуға рұқсат етілген.

Жарыс 28 қыркүйекке дейін жалғасады.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ

Ortalyq Qazaqstan

Басқа материалдар

Back to top button