Бас тақырыпСпорт

Қарағандыда спорттық акробатикадан Қазақстан чемпионаты өтуде

Қарағандыда А.Степаненко атындағы олимпиадалық резервтің мектеп-клубы базасында спорттық акробатикадан Қазақстан чемпионаты өтуде.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Биылғы біріншілікке жергілікті спортшылармен қатар Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан, Екібастұз және Алматы қалаларынан келген акробаттар қатысып жатыр. Алдағы үш күн ішінде спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп, нәтижесінде елдің үздік акробаттары анықталмақ.

– Бұл чемпионат – ел біріншілігінің қорытынды кезеңі. Мұнда 80-нен астам спортшы бақ сынап жатыр. Қатысушылардың деңгейі өте жоғары, олардың арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері де бар. Қарағанды облысы атынан шамамен 20 акробат қатысады. Олар түрлі дисциплиналар бойынша өнер көрсетеді. Біздің басты үміткерлеріміз – аралас жұптар. Аймақта спорттық акробатика қарқынды дамып келеді: қарағандылық гимнасттар әлемдік деңгейде жоғары нәтижелер көрсетуде, – дейді гимнастика бойынша БЖСМ директоры Олжас Тұрсымбеков

Айта кетейік, жуырда Үндістанның Гоа қаласында өткен спорттық акробатикадан Азия чемпионатында қарағандылық спортшылар 10 медаль жеңіп алып, халықаралық аренадағы өздерінің мықтылығын дәлелдеді.

Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар және грамоталармен марапатталады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button