Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда соңғы он күнде бес мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, 70 қылмыс ашылды

«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлердің он күндік жұмысының қорытындысы туралы мәліметтерді Қарағанды қалалық ІІБ бастығы ШахназарСалин мәлімдеді.

Сурет: tvoeradio.by

Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында облыс орталығында жедел-профилактикалық іс-шаралар онкүндігі өтті. Он күн ішінде 70-тен астам қылмыс ашылды, бес мыңнан астам түрлі құқық бұзушылық анықталды. Іздеуде жүрген төрт қылмыскер ұсталды. Бейімдеу орталықтарына тұрақты тұрғылықты жері жоқ 116 адам орналастырылды. Заң бұзушылық жасаған төрт шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды, – деді Шахназар Салин.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button