Жаңалықтар

Қарағандыда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Қарағанды облысының аумағында МиГ-1 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайты хабарлады. 

Қайғылы оқиға Қарағанды аэродромының оңтүстік бөлігінде болды. Ұшақ әуеге көтерілген соң, қозғалтқыштардың бірінен от шыққан. Әскерилер ұшақты тастап кету жөнінде бұйрық алған соң, оны далалы аймаққа бағыттап, жергілікті азаматтардың өміріне қауіп төніп тұрмағанына көздері жеткен соң, секіріп кеткен. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға салдарынан зардап шеккен екі ұшқыш санавиациямен Х.Ж.Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді. Олардың бірінің жағдайы қанағаттанарлық, екіншісі орташа ауыр халде. Қажетті ем алып жатыр.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен әуе апатының себеп-салдарын анықтау бойынша арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына Қазақстанның әскери әуе күштерінің іздеу-құтқару отряды жетті.

www.kazinform.kz

 

Басқа материалдар

Back to top button