Жаңалықтар

Қарағандыда әскери психологтардың практикалық дайындығы өтіп жатыр

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 5451 әскери бөлімінде әскери психологтардың үш күндік оқу-әдістемелік жиыны басталды. Шараға СҚО, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарының әскери бөлімдерінің мамандары келді.

Суреттер автордан

Шараны  «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Берік Тоқтаров  жеке басқарды.

– Психология бір орында тұрмайды, ол дамиды. Уақытпен бірге біздің әскери психологтар біліктілігін арттыруы керек. Жиынымыздың негізгі мақсатын- кәсіби даярлықты арттыру, психологтарды психологиялық жұмыстың нысандары мен әдістеріне үйрету, әскери қызметшілердің салауатты моральдық-психологиялық жағдайын қамтамасыз ету үшін психологтардың озық жұмыс тәжірибесін жинақтау деп отырмыз, – деді полковник Берік Тоқтаров.

Үш күн ішінде психологтармен тәжірибелік, нұсқаушылық-әдістемелік, практикалық сабақтар, сондай-ақ, өңірдің күш құрылымдары психологтарының қатысуымен өткізіліп жатыр. Кездесу  барысында мамандар  психологиялық жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің өзекті мәселелері, сондай-ақ психологиялық жұмыстың неғұрлым өзекті және даулы мәселелері бойынша пікір алмасу, жеке құрам арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және ескерту мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде.

Практикалық жиын қорытындысы 27 сәуірге көзделіп отыр.

Алияр ДҮЙСЕНБАЙ,
ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері.

Басқа материалдар

Back to top button