Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда шағын ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді

29 наурыз, сенбі күні Қарағандыда шағын ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Жәрмеңкеде қарағандылықтар ет, жұмыртқа, жемістер мен көкөністерді, сүт өнімдерін нарықтағы орташа бағадан төмен бағамен сатып ала алады.

Сурет: Ауыл шаруашылығы басқармасы

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңкелер қаланың үш секторында: Оңтүстік-шығыста «Глобал сити» сауда орталығының «Фермер» орталығында, Майқұдықта «Ұмай» СҮ жанында, Пришахтинскте «Жастар» мәдениет үйінің жанында ұйымдастырылады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button