ЖаңалықтарСпорт
Қарағандыда Серік Сәпиевтің жүлдесі үшін бокстан республикалық турнир басталды
Қарағандыдағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан ХІІ республикалық ашық турнир басталды.

ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиев атындағы дәстүрлі турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузиядан спортшылар қатысуда. Рингте барлығы 300-ден астам қатысушы күш сынасады.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше турнир 18-22 қараша аралығында өтпек.
Айта кетейік, өткен жылы қарағандылық спортшылар аталмыш турнирден 5 алтын, 3 күміс және 9 қола медаль жеңіп алған болатын.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.