Бас тақырып

Қарағандыда «Сарыарқа» XXXV облыстық жазғы ауылдық спартакиадасының жалауы желбіреді

Қарағандыда жыл сайын өткізілетін «Сарыарқа» XXXV облыстық жазғы ауылдық спартакиаданың жалауы желбіреді. Екі күнге созылатын бәсекеге жеті ауданынан 500-ден астам спортшы қатысуда. Шараның ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев арнайы қатысып, жарысқа қатысушыларға жылы лебізін білдірді.

 

– Бүгін – ауыл мерекесі. Қарағанды облысында ауыл спорты жоғары деңгейде дамыған. Әр ауданнан Әлем, Олимпиада және алуан түрлі бәсекелерден топ жарып жүрген спортшылар шықты. Бұл біз үшін мақтаныш. Әрине, бұл жетістіктер сіз бен біздің еңбектің жемісі. Спортшыларды қолдап, спартакиадаға спортшыларын алып келген әр аудан басшысына алғысымды айтамын, – деді Темірхан Абылаев.

 

Қатысушылар спорттың волейбол, мини футбол, асық ату-бес асық, армрестлинг, кір спорты, президенттік көпсайыс, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және үстел теннисі сынды 11 түрінен бақ сынайды.

 

Жарыстар Н.Әбдіров атындағы спорт сарайында, «Шахтер» стадионында, Қ.Нұржанов атындағы жеңіл атлетика манежінде, 48 мектептің спортзалы, Оқушылар сарайында мен Пришахтинск шағынауданындағы спорт мектебінде өтеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button