АймақБас тақырып

Қарағандыда “Сарыарқа” көшесінен “Шахтерлер” даңғылына дейінгі жол аралығы уақытша жабылады

Ертең Қарағандыда жол жөндеу жұмыстары басталады. Қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі негізгі көшелердің бірі – “Тәттімбет” көшесінде жолды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қала әкімі Мейрам Қожухов биыл жол жөндеу маусымы ерте басталатынын мәлімдеді. 

Суретті түсірген жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мердігер ұйымның асфальтты сапалы төсеуі үшін “Сарыарқа” көшесінен “Шахтерлер” даңғылына дейінгі аралық уақытша жабылатынын хабарлады.

Осыған байланысты қоғамдық көліктердің қозғалысы да өзгереді. №19, 65, 02, 70, 5, 63 және 29 бағыттағы автобустар уақытша сызба бойынша қатынайды.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button