АймақБас тақырыпСпорт

Қарағандыда самбодан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Қарағанды облысында ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасы чемпионаты өтуде. Елдің барлық өңірінен келген 570 спортшы маусымның басты жарыстарының бірінде өзара мықтыны анықтауда. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар халықаралық жарыстарға қатысатын ұлттық құрамаға енеді.

Сурет облыс әкімдіген

Чемпионатқа республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысып жатыр. Жүлделер 15 салмақ дәрежесінде сарапқа салынады: ерлер арасында – 8, әйелдер арасында – 7 салмақ. Жарыстар спорттық және жауынгерлік самбода жеке және командалық есепте өтуде.

Жарыстың ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков мемлекет деңгейінде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

Қарағанды облысының намысын 52 спортшы қорғауда. Аймақ құрамасының алғашқы алтынын 50 келіде Маргарита Бажаева жеңіп алды. Ал 64 келіге дейінгі салмақта Жандос Бейсембаев чемпион атанды.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button