Қарағандыда салмағы бес келіден асатын алып сәбилер дүниеге келді
Қарағанды қаласындағы облыстық клиникалық аурухананың N2 перинаталдық орталығында екі күнде салмағы бес келіден асатын үш қыз бала дүниеге келді.
Медицинада мұндай үлкен салмақпен туған нәрестелерді «алыптар» деп атайды. Жалпы, 2024 жылдың басынан бері N2 перинаталдық орталықта осындай үлкен салмақпен 59 сәби дүниеге келген. Ал, тамыз айының соңында дүниеге келген нәрестелердің салмағы 5 420, 5 220 және 5 070 грамм болған. Екі жаңа туған нәресте мен олардың анасы үйлеріне шығарылды.
– Дәрігерлерді кауыр салмақтағы балалардың туу статистикасы алаңдатып отырғанын айта кеткен жөн. Өйткені үлкен салмақ әрқашан ана мен бала үшін қосымша қауіп төндіреді. Ауыр салмақ туу процесін қиындатады, оны кешіктіреді және жатырдың жарылуына, нәрестеге зақым келтіруі мүмкін. Көбінесе үлкен салмақтағы балалар кесар тілігінің көмегімен дүниеге келеді. Сондай-ақ, нәрестенің жоғары салмағы анадағы метаболикалық бұзылуларды көрсетуі мүмкін. Бала салмағының жоғары болуына ананың дұрыс тамақтанбауы, зиянды әдеттер және жиі күйзеліске ұшырауы себеп, – дейді мамандар.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.