Қарағандыда өрт салдарынан ер адам қаза тапты
Қайғылы жағдай жеке үйде болған өрт салдарынан орын алған.

– Бүгін Қарағандыда Столичная көшесінде орналасқан 4 бөлмелі тұрғын үйде тұрмыстық заттар, жиһаздар, ағаш терезелер мен есіктер өртенді. Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үйден газ баллоны шығарды. Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар ес-түссіз жатқан ер адамды тапты. Өрт сөндіру бекетінің қарауыл бастығы зардап шеккен 1961 жылы туған үй иесінің жүрегіне жанама массаж жасады. Ер адам есін жиды. Құтқарылған адам Қарағанды қаласының №1 қалалық ауруханасына жатқызылды. Кейіннен бізге жеткен ақпарат бойынша зардап шеккен ер адам ауруханада көз жұмды, – деді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда. Тілсіз жауды ауыздықтауға сегіз адам мен екі техника жұмылдырылған.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.