АймақҚарағанды

Қарағандыда өрт сөндіру гидранттарының жүйесі тексерілді

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті үш күн бойы, яғни 22-25 тамыз аралығында Қарағанды қаласындағы өрт сөндіру гидранттарының жүйесі тексерілгенін хабарлады. Тексеріс өртке қарсы қызмет, жергілікті атқарушы органдар және сумен жабдықтау ұйымдарымен бірлесіп жүргізілді.

Өрт сөндіру гидранттарының жай-күйін тексеру Қарағанды қаласының халық көп шоғырланатын жерлерінде және әдетте адамдар көп болатын объектілерде (сауда үйлері, дүкендер және т.б.) жүргізілді.

– Гранттардың жағдайын тексеру кезінде олардың техникалық жағдайы мен өнімділігіне ерекше назар аударылады. Жалпы, қаланың өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жағдайы қанағаттанарлық. Дегенмен, гидранттарды тексеру барысында нысандар аумағында да, қаланың магистральдық желісінде де кемшіліктер анықталды. Гидранттардың механикалық зақымдануы, сынған жерлер және гидранттарды толығымен ауыстыруды талап ететін басқа да бұзушылықтар ерекше алаңдаушылық туғызады, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Тексерістің негізгі мақсаты Қарағанды қаласының тұрғындарының, тұрғын үйлер мен нысандардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өртке қарсы су құбырларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.

Видео: ТЖД

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button