Бас тақырыпЖаңалықтарҚарағанды

Қарағандыда робот қызмет көрсететін кеңсе ашылды

Бүгін Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс бөлігінде орналасқан «Мечта» сауда үйіндегі «Қазпошта» бөлімшесі жаңа цифрлық кеңсесінің тұсауын кесті. Кеңсенің ерекшелігі – қызметті енді адам емес, «Қуаныш» атты робот пен «Сәуле» атты виртуалды көмекші көрсететін болады.

 Қарағандыда робот қызмет көрсететін кеңсе ашылды

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсеновтың айтуынша, Қарағанды – Қазақстан бойынша келушілерге робот қызмет көрсететін үшінші қала. Мұндай кеңсе тіпті ТМД-да да жоқ екен.

Бұл жерде коммуналдық төлемдерден бастап сәлемдеме жіберуге дейінгі қызмет түрлерінің барлығын дербес түрде алуға болады. Білмегеніңізді робот «Қуаныштан» сұрауға болады.

Цифрлық кеңсе 20 қызметкерге дейін жұмыс жасайтын бір пошта байланысының қызметін алмастыра алады. Әзірге кеңседе келушілерге кеңес беру үшін екі қызметкер болатын болса, болашақта өзіне өзі қызмет көрсету форматында толық қашықтықтан басқарылатын болады.

Сондай-ақ, «Қуаныш» қызмет алу түріне қатысты кеңес беріп қана қоймай, өзіңізбен қалжың айтып, ән салып, бірге билей де алады.

Салтанат ИЛЬЯШОВА,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button