Аймақта “AMANAT” партиясының қолдауымен, Қарағанды облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының 90 жылдығы аясында «Ордалы Қарағандым, шежірелі Қарқаралым» атты республикалық командалық айтыс өтеді. Айтыс Қарағанды мен Абай облыстары ақындары мен дәстүрлі өнер өкілдері арасында өтеді.
Қарағанды облысының құрамасы атынан Айтбай Жұмағұлов, Тілеген Әділов, Мақсат Аханов, Дидар Қами, Нұрмұхаммед Байсүгір, Сержан Мусайын, Дәуренбек Әркенов, Балқан Смағұлов, Мұхтар Әділов, Мағжан Мыңбай қатысады.
Ал, Абай облысының құрамында Дәулет Сметов, Рүстем Қайыртайұлы, Гүлмира Сарина, Әсем Ережеқызы, Айбек Жеңісқазин, Қуандық Кенжебекұлы, Айбек Бекбосынов, Диас Мұратхан, Нариман Қажымұратұлы,
Есдаулет Серікқазин бар.
Айтыста ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман мен Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбай қазылық етеді.
Айтыстың жүргізушісі – ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай.
Өнер додасы 28 тамыз күні сағат 15.00-де Кеншілер мәдениет сарайында өтеді. Кіру тегін.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz
Сурет пен видео: Ұйымдастырушылардан