Жаңалықтар

Қарағандыда республикалық ХІV құран жарысына іріктеу сайысы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Қарағанды облысына қарасты Осакаров аудандық мешітінде Құран Кәрімді жатқа айтудан және мәнерлеп оқудан ХІV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті.

Суреттер ihsan.kz

   Жарыстың шымылдығын Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы алғы сөзбен ашып, Құранның қадір-қасиеті мен Құран жарысының маңызына тоқталды.

    Іріктеу сайысына 75 қатысушы 4 номинация бойынша, атап айтқанда Құранды толық оқу, 20 параны, 10 параны жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша бақтарын сынады. Үміткерлердің Құран оқудағы қағидаларды дұрыс сақтауын жан-жақты қадағалайтын Республикалық қарилар дайындау орталығының директоры Сәдуақас қари Сағындықұлы, Республикалық бас мешіттің наиб имамы, ҚМДБ «Құран секторының меңгерушісі» Ахмет Серік Полатханұлы және Қарағанды облыстық  «Әнет баба» мешіттің  ұстазы Бауыржан Мейімбекұлы әділ бағасын берді.

Жарыс соңында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Құран жарысына қатысқан қарилар мен шараны ұйымдастырушыларға және байқауды тамашалаған көрерменге өз алғысын жеткізді.

    Сондай-ақ ХІV Республикалық Құран жарысына жолдама алған жеңімпаз қариларға сәттілік тіледі.

ХІV Республикалық Құран жарысының іріктеу сайысының жүлдегерлері:

Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша:

І орын –  Абдулазиз Абдулбақи Савронбекұлы (Ұмра қажылығы);
ІІ орын – Абдикадиров Гиесжан Неьматжанович (300 000 тг);
ІІІ орын – Айтмахан Диас  Сұлтанханұлы (200 000 тг).

Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу бойынша:

І орын –  Әбішев Дінмұхаммед Жанатұлы (Ұмра қажылығы);
ІІ орын – Алғабас Ернар Нұркенұлы (300 000 тг);
ІІІ орын – Жангазиев Заманбек Бейсенбайұлы (200 000 тг).

Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу бойынша:

І орын – Бахыт Қасым Бекзатұлы (Ұмра қажылығы);
ІІ орын – Жуманазаров Жәнібек Жұмағазыұлы (300 000);
ІІІ орын – Қошмен Айдын Талғатұлы (200 000)

Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша:

І орын – Байтүгел Айсұлтан Нұржанұлы (Ұмра қажылығы);
ІІ орын – Аюбай Нұрмұхаммед Көптілеуұлы (300 000);
ІІІ орын – Бегімов Сұлтан Ширалиұлы (200 000)

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button