Бас тақырыпБасты тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда Республика күніне орай жәрмеңке өтеді

Қарағанды қаласы әкімдігінің хабарлауынша, өңірде 25 қазан – Республика күніне арналған ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі «Ауыл-береке-2025» сағат 09:00-де басталады. Өтетін орны – Global City сауда-ойын-сауық орталығы (мекенжайы: 134-есептік квартал, 921-ғимарат).

Жәрмеңкеде Қарағанды қаласының және облыстың тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Сауда қатарларында ет және сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек, бакалея және басқа да тауар түрлері бар.

Қала әкімдігінің мәліметінше, өнімдер нарықтағы орташа бағадан төмен бағамен сатылады. Жәрмеңке өтетін орынға № 5, 19, 31, 40, 56, 63, 66, 70, 146, 02 және 29 бағытындағы автобустармен жетуге болады.

Айта кетейік, 25 қазанда Теміртау қаласында да ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button