Ресми

Қарағандыда құрбандық шалу орындары анықталды

Құрбан айт мейрамы үш күнге созылады. Алғашқы күні 28 маусымға түсіп тұрғандықтан, ол күні демалыс күні болмақ. Бүгінде Қарағандыда мал союға арналған басты үш орын анықталды.

 

Қарағандылықтар Резник көшесі, 18 мекенжайында орналасқан жеке кәсіпкер «Әбішева А.О» пункітіне, Гоголь көшесі 2/23 мекенжайындағы «Арай KZ» ЖШС және С.Сейфуллин көшесі 53 мекенжайындағы «Хасенов» шаруа қожалығында құрбандық шала алады.

– Құрбан айтта біз мұқтаж отбасыларға, өтініш берген ұйымдар, яғни, зағиптар қоғамына, қарттар үйіне сойылған малдың үштен бір бөлігін таратамыз. Одан бөлек, демеушілердің көмегімен басқа да қайырымдылық акцияларын ұйымдастырамыз, – деді «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілі Мирас Қасымов.

 

Сонымен қатар, құрбандықты онлайн режимінде шалуға да болады. Бұл туралы толығырақ 8-702-131-03-12 телефоны арқылы біле аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button