Бас тақырып
Қарағандыда құрбан шалуға арналған орындар белгіленді
Биыл Құрбан айт мерекесі 6 маусымда басталады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры Құрбан айт мерекесі кезінде еліміз бойынша құрбан шалуға арналған арнайы орындардың тізімін ұсынды. Қарағандыда құрбандыққа мал шалуға болатын үш орын анықталды.

Арнайы мал сою пункттері «ТОО АРАЙ КЗ» (Гоголя 2/23), «ШҚ Хасенов» (Сейфуллина 53), «ИП АБИШЕВ» (Резника 18) мекенжайларында орналасқан.
Айта кетейік, кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосқан болатын.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА