Қарағандыда «Qamqor-Sharapat» орталығының қызметін цифрландыру семинары өтті
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының қызметін цифрландыру жұмыстары бойынша өңірлік семинар өтті.
Шараға «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, «Sharapat Digital» ЖШС директоры Еркін Тойжанов, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы, Қарағанды облыстық дін істері басқармасының басшысы Жанболат Ахуанұлы және «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының өңір бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы қатысып, баяндама жасады.
Басқосуда зиярат салуды бір ізділікке түсіру, зияраттарды цифрландыру және оның мақсаты сөз болып, түсіндіріліп өтті.
Айта кетсек, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету мекемесінің директоры Мейрамбек Қабылбекұлы еліміз бойынша жерлеу рәсімдерін бір-ізділендіру, ысырапқа жол бермеу, құлпытас орнату және Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің пәтулары мен «Зират және зиярат мәдениеті» атты құжат негізінде жұмыс жасау қажет екендігін айтты. Мұнымен қатар, зират орындарының жұмыстарын заман талабына сай дамыту, бұрын қайтыс болған марқұмдардың аты-жөнін жинақтап, бір орталықта сақтау, цифрлық жүйеге енгізу сынды жаңа бастамаларды ортаға салды.
Сонымен қатар, бағыттың жұмысын дамыту, цифрландыру жұмыстарына әрі қарай жетілдіруді айтып, барша имамдарға нақты тапсырмалар берді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА