Жаңалықтар

Қарағандыда «Платонның сиқырлы әлемдері» атты авторлық жоба таныстырылды

Қарағанды облыстық Абай атындағы балалар кітапханасында 12 жастағы жазушы және креатор Платон Нечаевтың авторлық экологиялық кітаптар сериясы – «Платонның сиқырлы әлемдері» жобасының тұсаукесері өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Жоба табиғатқа қамқорлық, тұрақты даму, жасыл қалалар және адамзаттың планета болашағына деген жеке жауапкершілігі тақырыптарын қамтитын заманауи экологиялық әңгімелерден тұрады. Кітаптардағы иллюстрацияларды автордың өзі жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып әзірлеген. Бұл формат шығармашылықты, цифрлық құралдарды және экологиялық ойлауды біріктіреді.

«Балалардың табиғатты жақсы көріп, әрқайсысы маңызды іс жасай алатынына сенгенін қалаймын. Тіпті кішкентай бір әңгіме де әлемді өзгерте алады», — деді Платон тұсаукесер барысында.

Жоба балалар әдебиеті саласындағы жазушылар мен балалар психологиясы мамандарының оң рецензиясына ие болды. Атап айтқанда, Лондонда орналасқан Hertfordshire Press баспасының редакторы Марат Ахмеджанов «Платонның сиқырлы әлемдері — табиғатқа деген қамқорлық ұрандар арқылы емес, баланың шынайы көзқарасы арқылы берілетін, сирек кездесетін тірі кітап» деп атап өтті.

Кітаптар сериясы EcoPlaton экожүйесінің бір бөлігі болып табылады. Бұл экожүйе экологиялық әңгімелерді, аудиоформаттарды, цифрлық контентті, геймификацияланған экомаршруттарды және мектеп оқушыларына арналған білім беру бағдарламаларын біріктіреді. 2025 жылы жоба командасы Қарағанды қаласында 200-ден астам ағаш отырғызып, Аппақ Байжанов ескерткішінің артында алғашқы Шығармашылық және креатив аллеясын құруға атсалысты.

Қазіргі уақытта жоба командасы Қарағанды облысының әкімдігі бірлесіп, Платонның экологиялық әңгімелеріне сілтеме жасайтын QR-кодтарды мектеп кітапханалары мен білім беру ұйымдарындағы оқу бұрыштарына орналастыру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл балаларға кітаптардың цифрлық және аудио нұсқаларын тегін пайдалануға жол ашады.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button