Бас тақырып

Қарағандыда патриоттар форумы өтті

Бүгін Қарағандыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Туған жерім менің – Қазақстаным» атты патриоттар форумы өтті.

Суреттерді түсірген: Александр МАРЧЕНКО

Іс-шара мемлекеттік Әнұран орындалып, Ту көтеру рәсімімен басталды. Сонымен қатар, Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық мектебінің курсанттарының құрметті қарауылымен жалғасты.

Форумға облыс әкімінің орынбасары Әліқұлов Ербол Шымкентбайұлы және Парламент мәжілісінің депутаты Құдайберген Бексұлтан, сондай-ақ облыстық, қалалық мәслихат депутаттары мен ел ағалары қатысты.

Шарада халық арасында патриотизмді дамытуға үлес қосқан тұлғаларға облыс әкімінің Алғыс хаттары тапсырылды. Концерттік бағдарламадан кейін веложарысқа қатысушылар Ту алаңынан Тәуелсіздік стелласына дейін жүріп өтті.

Ал, Тәуелсіздік стелласынан эстафета автожарыс қатысушыларына берілді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz

Суреттерді түсірген: Александр МАРЧЕНКО

Басқа материалдар

Back to top button