АймақБас тақырып

Қарағандыда пәтерден мәйіттер табылды

Қарағандыда пәтерден әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының мәйіттері табылды. Қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің жеке басы анықталды.

Сурет ЖИ

Қарағанды облысының полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 26 наурыз күні Крылов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған. Пәтерден 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының денелері табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, екеуінің де денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар.

Күдікті анықталған. Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, күдікті – марқұм әйелмен бірге тұрған ер адам болуы мүмкін.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстың себептері мен нақты жағдайлары анықталып жатыр.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button