Қарағандыда Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік концерт өтті
Қарағандыдағы Кеншілер Мәдениет сарайында Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік концерт өтті. Оған облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысып, әскери қызметшілерді мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, біршама Қарулы күштерінің ардагері мен әскери қызметкерлерді марапаттады.

Отан қорғаушылар күні – бұл мереке тек әскери қызметшілер үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін ерекше маңызға ие.
Елді қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Шынайы патриотизмнің жарқын көрінісі. Ермағанбет Қабдулаұлы өз сөзінде:
– Тәуелсіз еліміздің офицерлері мен сарбаздары мемлекетіміздің тыныштығы мен қорғау жолында адал қызмет атқарып жүр. Отан қорғаушылар күні – еліміздегі маңызы зор мерекелердің бірі. Биыл Жеңіске 80 жыл толып отыр. Біз Нұркен Әбдіров, Мартбек Мамыраев, Владимир Бреусов, Қазбек Нұржанов секілді батырларымызды ұмытпаймыз. Олардың майдандағы ерліктері жас ұрпаққа үлгі, – деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы полковник Бекболат Габдуллин мен Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Шекарбеков те салтанатты жиынға арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді.
Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz