Қарағандыда онлайн-хакатон өтеді
Қарағандыда алғаш рет хакатон онлайн режимде өтеді. Шараның тақырыбы – “Қазақстандағы OpenAPI технологиялары”. Байқауды “Wooppay” компаниясы ұйымдастырады.
“Stay Home Hackathon” 24-27 сәуірде өтеді деп жоспарланған. Оған 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады. Олар командаға бірігеді.
Қатысушылардан ТЖ және шектеулер жағдайында бизнес қызметі үшін инновациялық шешімдер күтілуде. Жобаларды әзірлеуге 72 сағат бөлінеді. Идеяларды тестілеу үшін “OpenAPI Woopay” платформасы ұсынылады.
Менторлар жобаларды жақсарту бойынша ұсыныстар береді. Қазылар алқасы финалистерді таңдайды.
Хакатонның жеңімпаздары серіктестерден мың долларлық “Cisco” курсынан өту жүлдесін алады. Сондай-ақ, жобаны дамытуға инвестициялар берілуі мүмкін.
Толығырақ келесі телефондар арқылы білуге болады:
(8-7212) 98 10 90, (8-7273) 44-14-14, (8-7172) 79-50-04; моб.: +7-777-571-96-20.
Электрондық пошта: corp.wooppay.com.
«Wooppay» ЖШС баспасөз қызметінің ақпараты бойынша