Жаңалықтар

Қарағандыда қонақүй өртеніп, бес адам құтқарылды

Қарағандыда «Бонапарт» қонақүйінің жертөлесінен өрт шығып, өрт сөндірушілер 5 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Сурет: ТЖД

-16 наурыз күні сағат 23:37-де Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Балқаш көшесі, 2/3 мекенжайында орналасқан «Бонапарт» қонақ үйінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 2 қабатты қонақүй ғимаратының жертөлесінде 5 шаршы метр аумақта бу бөлмесінің ағаш қаптамалары жанып кетті. Өрт 17 наурызда сағат 00:05-те оқшауланып, 00:16-да сөндірілді. Төтенше жағдайлар қызметінің күштері ғимараттың екінші қабатының балконынан баспалдақтың көмегімен 5 адамды құтқарды. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 30 адамы мен 7 техника жұмылдырылған. «Өрттің шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуыан болуы мүмкін» дейді мамандар.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button