АймақБас тақырып

Қарағандыда қолайсыз ауа райына байланысты сабақтар онлайн өтеді

Қарағанды қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, Қарағандыда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші және екінші ауысымдағы 0–4 сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына байланысты 5–11 сынып оқушыларының ата-аналарына балаларын мектепке жіберу немесе жібермеу туралы шешімді өздері қабылдау ұсынылды.

Қосымша ақпаратты білім беру ұйымдарының ресми парақшаларынан және сынып жетекшілерінен алуға болады.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button