АймақБас тақырыпҚарағанды
Қарағандыда облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Қарағанды қаласында 14 наурыз күні облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Сауда таңғы сағат 09:00-де басталады.

Жәрмеңке Global City сауда-ойын-сауық орталығы аумағында (134-есептік квартал, 921-ғимарат) ұйымдастырылады.
Іс-шараға облыстың жеті ауылдық ауданынан 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі қатысады. Сонымен қатар өңір қалаларындағы қайта өңдеу кәсіпорындары да өз өнімдерін ұсынады.
Жәрмеңке барысында тұрғындар облыс өндірушілерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін, ет және сүт өнімдерін орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатып ала алады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



