Бас тақырып

Қарағандыда облыс әкімінің шыршасы өтті

Бүгін облыс әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Оған аймақтық барлық қаласы мен ауданынан 9-13 жас аралығындағы 200-ден астам бала қатысты. Олардың қатарында мамандандырылған мектеп-интернаттарынан, балалар үйлерінен, түзету мектеп-интернаттарынан, оқу үздіктері, конкурстар мен түрлі байқаулардың жеңімпаздары, ерекше балалар бар. «Думан» мейрамханасында өткен мерекелік шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысып, балаларды жаңа жылмен құттықтады.

Суреттерді түсірген Александр МАРЧЕНКО

Жаңа жылдық шыршаға келген балалардың бәрі түрлі персонаждың киімін киген. Аң бейнесі мен қуыршақтардың рөлін сомдаған әртістер театрландырылған қойылым қойды. Әрі балалармен би билеп, ән де шырқады.

– Құрметті, балалар! Сіздерді келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Осындай әдемі шыршаның жанында сіздермен қатар тұрғаныма қуаныштымын. Осының бәрі сіздер үшін. Болашақта білікті маман иелері болуларыңызға тілектеспін, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Ал, балалар өздері ұнататын ертегі, мультфильм кейіпкерлерімен кездесіп, түрлі ойын ойнады. Естелікке суретке де түсті. Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алып, дайындап келген тақпақтарын оқыды.

Сонымен қатар, іс-шара соңында бүлдіршіндерге облыс әкімінің атынан смартфондар, кітаптар мен сөмкелер сыйлыққа берілді.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button