АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда облыс әкімі тұрғындармен есептік кездесу өткізді

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Кеншілер Мәдениет сарайында Қарағанды қаласының тұрғындарымен дәстүрлі есептік кездесу өткізді. Кездесуді ықшам ғана есепті баяндамасымен бастаған аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, тұрғындармен ашық диалог құрды. Қала өмірін жақсартуға бағытталған ірі жобалар, халықтың күнделікті тұрмысын жеңілдететін бастамалар және жаңа мүмкіндіктер туралы айтылған бұл кездесу көпшілік үшін маңызды алаңға айналды.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Кездесудің келесі бөлімінде қала әкімі жыл бойы атқарылған жұмыстарды таныстырып өтті. Ол жол жөндеу, сумен жабдықтау, газдандыру, жолаушылар тасымалы мен тұрғын үй құрылысы бойынша нақты нәтижелерді баяндады.

2025 жыл Қарағанды қаласы үшін сәттіболды. Бес қала мен ондаған елдімекенді біріктірген агломерацияның орталығы ретінде біздің жауапкершілігіміз де, мақсаттарымыз да өсті. Сондықтан, біз үшін ең басты міндет Қарағандыны өмір сүруге қолайлы, заманауи, жасыл әрі қауіпсіз қалаға айналдыру, 530 мыңнан астам тұрғыны бар шаһарда әр адамның күнделікті өмірін жақсарту.

Биыл «Халық қатысатын бюджет»бағдарламасы шынайы халықтық жобалар алаңына айналды. Тұрғындардың бастамасымен 104 жоба жүзеге асты. 19 спорт алаңы, 69 балалар ойын алаңы орнатылды. Қала тұрғындары өз аумағын өздері таңдаған жобалар арқылы жақсартып жатқаны біздің қоғамның белсенділігі мен жауапкершілігінің белгісі, деді Мейрам Кожухов.

Шаһар басшысының айтуынша, бұдан бөлек,17 шағын сквер абаттандырылып, олардың көбі тұрғындардың ұсынысы арқылы жүзеге асқан. Бұл өз кезегінде Қарағандының әр ауданындағы орта біртіндеп өзгеріп, баршаға тең қолжетімді демалыс кеңістіктері пайда болып жатқанын көрсетеді.

Сонымен қатар, 2025 жылы Сарыарқа даңғылы бойындағы аллеяны, жеті саябақты абаттандыружұмысы аяқталған. Қаланың тарихи жадын сақтаудың маңызды бөлігі болып есептелетін Бұқар жырау, Кеншілер даңқы ескерткіштері, Язев,Күзембаев ескерткіштерінің алаңдары кешенді жаңғыртудан өткен. Қала келбетін жаңарту арқылы біз өткенге құрмет білдіріп, болашаққа қадам жасауды жалғастыра аламыз десек, артық айтқандық емес.

Облыс әкімі өз кезегінде бұл жұмыстарға тоқталып, атқарылған жұмыстарға оң баға берді.

Қарағанды қаласы өңіріміздің жүрегі, ал,оның орнықты дамуы әрқайсымыз үшін маңызды. Биыл қалада 80 шақырымнан астам жол жөнделіп, көшелердің 85 пайызы жақсы деңгейге көтерілді. Бұл тұрғындардың күнделікті өмір сапасын арттыруға бағытталған үлкен қадам.

Сумен қамтамасыз ету бойынша 65 шақырымнан астам желіні қамтитын 21 жобаның іске асырылуы – қаланың көпжылдық мәселелерін шешудің нақты жолы болса, газдандыру жұмыстарының 400 шақырымға жуық желі тартып, 8 500-ге жуық үйді газбен қамтуы қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ететін маңызды бастама.

Қала аумағында жүріп жатқан құрылыс қарқыны да жоғары. Биыл 33 көпқабатты коммерциялық үй және 5 мемлекеттік тұрғын үйкешені пайдалануға берілді. Бұл – шаһардың өсіп, жаңа аудандардың қалыптасып келе жатқанын көрсетеді, деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Облыс әкімі әсіресе ТЭЦ-3-тің 9-энергоблогы мен 7-турбоагрегатын салу болашақтың жобасыекенін және оның Майқұдық пен Оңтүстік-Шығыс арасындағы жаңа аумақтарды жылумен толық қамтамасыз етіп, қаланың тұрақты дамуына жол ашатынын айрықша атап өтті.

Сонымен қатар, «Көгілдір тоғандар» ықшам ауданы маңында салынатын демалыс паркінің сауда орны бола отырып, тұрғындар үшін табиғат аясындағы заманауи тынығу орталығына айналуықадағаланатыны және бұл аймақта спорттық кластер, бассейн, дзюдо орталығы, ірі сауда кешендері бой көтеретіні де айтылды.

Қала әкімдігімен бірге жүзеге асырылып жатқан бұл жобалар кеншілер астанасын жаңа деңгейге шығаратын ұзақ мерзімді стратегиялық жұмыстар. Біз бұл бағыттағы істерді әрі қарай да жүйелі түрде жалғастырамыз, деді Ермағанбет Қабдулаұлы.

Кездесу барысы тұрғындардың сұрақ-жауап сессиясымен жалғасып, қаладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу алаңына айналды. Ауқымды шара соңында облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдап, әрбір сұрақ пен өтінішті жеке бақылауына алды.

Келелі кеңес, ашық әңгіме өрбіген кездесу барысынан жазылған кеңейтілген ақпаратты газетіміздің келесі санынан оқитын боласыздар.

Жәлел ШАЛҚАР,

«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button