Бас тақырыпЖаңалықтар
Қарағандыда оқушылар мен студенттерге жазғы демалыс уақытында жұмыс істеу ұсынылды
Студенттер мен жоғары сынып оқушыларына жазда жұмыс ұсынылады. Қарағанды облысындағы мансап орталықтары қызығушылық танытқандарды жұмысқа алуға дайын.

Жазғы жұмысқа 16 жастан асқан жастар шақырылады. Жұмыс – алдын ала кәсіби дайындықты қажет етпейтін және қоғамға пайдалы бағыттылығы бар еңбек қызметінің түрі. Төлемді мансап орталығы ай сайын 40 АЕК көлемінде төлейді. Қажетті құжаттар: ата-анасының жазбаша рұқсаты (18 жасқа толмаған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжат, баланың туу туралы куәлігі (егер 18 жасқа толмаған болса), оқу орнынан анықтама, банк шотының анықтамасы.
Барлық сұрақтар бойынша 8 775 644 35 80 WhatsApp нөміріне хабарласуға болады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ