Бас тақырыпБасты тақырып
Қарағандыда Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдықты жалғайтын жаңа автожолдың бірінші учаскесі ашылды
Ұзындығы 5,9 шақырымдық төрт жолақты трасса үш қабатты асфальт-бетон жабынымен төселіп, заманауи талаптарға сай салынған. Мұнда автотұрақтар, вело және жаяу жүргіншілер жолдары, жарықтандыру мен көгалдандыру жүйесі қарастырылған деп хабарлайды Ortalyq.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметінше, алғашқы 800 метрлік бөлік пайдалануға берілді, келесі жылы құрылыс Майқұдық бағытына жалғасады. Жаңа бағытта №33 қоғамдық автобус қатынайды.
Жол бойына 65 шам орнатылып, 200-ден астам тал егілді. Жоба қаланың көлік жүктемесін азайтып, тұрғындардың қозғалысын едәуір жеңілдетеді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



