Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда неке қиюды салтанатты түрде тіркейтін тағы бір зал ашылды

Жаңа салтанат залы Тәттімбет көшесі, 709 мекенжайында орналасқан. Аталмыш мекемеде қала тұрғындары неке қию рәсімдерін, сондай-ақ баланың тууын тіркей алады.

Суреттер: «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Қарағанды ​​филиалының баспасөз қызметі

– Бұл зал өмірдің ең маңызды және әсерлі сәттеріне арналған орын. Біз әрбір оқиға ұмытылмас, ал ол туралы естелік тек жарқын және жағымды болуы үшін жылулық пен салтанатты атмосфераны құруға тырыстық, – деп атап өтті АХАТ бөлімінің басшысы Светлана Актуреева.

Жаңа салтанат залында мемлекеттік рәміздер, сондай-ақ тақырыптық фотоаймақтар бар. Қызмет ақылы. Құны сайтта көрсетілген. Еске сала кетейік, некеге тұру туралы өтінішті тікелей АХАТ бөліміне, электронды үкімет порталы арқылы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің өтініштері арқылы беруге болады. Өтінімдерді қарау мерзімі 15 күнтізбелік күн.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button