Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда ММА бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді

Ақпанның 15-19-ы аралығында Қарағандыда ММА бойынша кезекті Қазақстан чемпионаты өтеді.

Сурет: спорт басқармасынан

Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше республикалық жарыс Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өтпек. Чемпионатқа Қазақстанның барлық облыстарынан, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 500-ден астам спортшылар қатысады деп күтілуде.

Чемпиондық және ұлттық құрамадағы орын үшін 16-17 және 18-20 жас, сондай-ақ 21 жастан асқан үш жас санатындағы спортшылар бақ сынайды.

Қарағанды облысының спортшылары да алдағы жекпе-жектерге қызу дайындалуда.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button