Қарағандыда «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясы өтті
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Қарағанды облысына жасаған қызметтік сапары барысында облыстық «Әнет баба» мешітінде өткен «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясына қатысқанын атап өтті.

Игі шара аясында қор директоры ауыр дертке шалдыққан Керейбаева Ляззат есімді азаматшаның еміне 2 000 000 теңге көлемінде сертификат табыстап, дертіне шипа, отбасына сабыр тіледі.
Қайырымдылық акциясына арнайы қатысқан ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы сауапты іске үлес қосқан барша дін жанашырларына алғыс білдірді. Сондай-ақ көмек алған жандарға насихат айтып, қандай сынақ болса да мойымауға, үміт үзбеуге шақырды.
Аталған шара – қоғамдағы мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, үміт сыйлауға бағытталған қайырымдылық бастамалардың бірі.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



