Қарағандыда «Менің достарым – менің байлығым» фестивалі өтті
Қарағандыда «Менің достарым – менің байлығым» фестивалі өтті. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Қасейіновтің 75 жылдығына арналды.
Мерейтой иесін құттықтауға Ресей, Әзірбайжан, Италия, Түркия және Өзбекстаннан орындаушылар келді. Дүйсен Қасейінов осы елдермен мәдени байланыстарды нығайтқаны үшін көптеген марапаттарға ие. Қарағандылық көрерменге Роза Рымбаева, Полада Бюль-Бюль оглы және Роза Аманованың танымал композициялары шырқалды. Музыкалық сүйемелдеуді Еркеғали Рахмадиев атындағы Академиялық симфониялық оркестр қамтамасыз етті.
– Өмірде достықтың маңызы зор. Әсіресе ортақ іс біріктіретін адамдар бар. Біз үшін ол – музыка, өнер және мәдениет. Бұл фестивальге 9 елдің өнер майталмандары қатысты – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Қасейінов.
Аида РАХИМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz