Облыс прокуратурасы тұрғын үй заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізді. Мемлекет тегін баспанамен халықтың тек белгілі бір санаттарын (жетім балалар, мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы отбасылар мен ҰОС ардагерлері және т.б.) қамтамасыз етеді.
Тексеріс барысында тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған 33 мың азаматтың 454-і аталған санатқа жатпайтыны және мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға құқығы жоқ екені анықталған (ден қою актілері бойынша кезектен шығарылды).
50 адамға ауданы заң талаптарына сәйкес келмейтін пәтерлер берілген. Қадағалау актісі бойынша иесі жоқ 78 тұрғын үйді коммуналдық меншікке қабылдау шаралары жүргізілуде.
Азаматтардың жалға берілген тұрғын үйлерге төлемдер бойынша қарыздары 20 миллион теңгені құрайды, ден қою актілері бойынша жергілікті атқарушы органдар сотқа талап-арыздар берді.
Шахтинск қаласында пәтерді тұрғын үйді жалға беру шартын заңды деп тану туралы жалған сот шешімінің негізінде жекешелендіру түріндегі алаяқтық фактісі анықталды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақтоғай ауданында мұқтаж азаматтарға жағдайы өрт және санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін, атап айтқанда қабырғаларында жарықтар мен ылғал бар, электр қондырғылары зақымдалған, сымдары ашық және т.б. ақаулары бар 4 тұрғын үй және электр қуатына қосылмаған 2 тұрғын үй сатып алынған.
Облыстық прокуратура тарапынан тексеріс жалғасуда және жағдай тұрақты бақылауда.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz