АймақҚарағанды

Қарағандыда мектеп оқушысын көлік қағып, мерт болды

Бүгін таңертең Қарағандыда жан түршігерлік апат болды. Қ.Аманжолов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде 51 жастағы жүргізуші 12 жастағы мектеп оқушысын қағып кеткен. Алған жарақатының салдарынан бала ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

– 6 ақпан күні Қарағандыда таңғы сағат 8:00 шамасында “Toyota” жол талғамайтын көлігін басқарған 51 жастағы жүргізуші Қ. Аманжолов көшесімен келе жатқан. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған ол жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан 12 жастағы оқушыны қағып кеткен. Оқиға салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан медициналық мекемеде көз жұмды, – деп хабарлады ведомстводан. Қажетті сараптамалар тағайындалып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Видео: Қарағанды ​​облысының ПД

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button