АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда мектеп оқушыларына экологиялық дәріс өтті

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қарағанды облысының ЖРО өкілдері мектеп оқушыларына арналған танымдық экологиялық дәріс өткізді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Іс-шараның мақсаты — өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікті арттыру, аумақтарды көгалдандыру және өңір тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру.

Кездесуге Ә. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты. Дәріс барысында мамандар табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын, табиғи ресурстарды пайдаланудағы жауапкершілікті түсіндіріп, сондай-ақ тұтынуды оңтайландыру мен қалдықтарды дұрыс сұрыптау және қайта өңдеу бойынша практикалық кеңестер берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза Қазақстан» акциясы ел аумағын толық қамтиды.

– Экологиялық мәдениет қарапайым, бірақ саналы әрекеттерден басталады. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қалдықтарды сұрыптау, ағаш отырғызу – әр азаматтың еліміздің орнықты болашағына қосқан жеке үлесі, – деді іс-шара ұйымдастырушылары.

Мұндай бастамалар жастардың қоршаған ортаға деген жауапты көзқарасын қалыптастырып, белсенді азаматтық ұстанымның нығаюына ықпал етеді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button