Қарағандыда құмар ойын ұйымдастырушылардың жолы кесілді

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері сауда орындарын тексеру барысында құмар ойындарды заңсыз ұйымдастырушыларды анықтады, — деп хабарлайды Ortalyq.kz

Рейд барысында Қарағанды қаласындағы 19 дүкенге заңсыз қойылған  38 ойын терминалы айналымнан шығарылды. Қазір аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 307 бабы бойынша іс қозғалып, соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Құмар ойын ұйымдастырған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жабылған.