Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандыда Міржақып Дулатұлы атындағы мешіт ашылды

Жаңа мешітте 200 адам еркін ғибадатын өтей алады. «Карабасская» 110 мекен-жайында орналасқан мешітте намазхана залынан бөлек, имамдар бөлмесі және 200 адамдық асхана бар.

Сурет ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀

Жаңа мешіттің ашылу салтанатында мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақсақалдар  бата берді.

– Қарағанды облысында мешіттер қатары көбейіп келеді. Осы мешіттің бой көтеруіне атсалысқан арда азаматтарға Алла разы болсын! Кәсіптеріне береке, отбасыларына амандық тілеймін, – деп атап өтті Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы.

Құлшылық үйінің салынуына демеуші болып, игі істің басы-қасында жүрген  Аян Шермағанбетов  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Алғыс хатымен марапатталды.

Жаңа мешітке ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығымен Жасұлан Манапұлы имам болып тағайындалды. Ашылу салтанатынан кейін, жиналған жамағатқа дастархан жайылып, ас берілді. ⠀

   Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button