Спорт
Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді
14 және 15 желтоқсан күндері «Қарағанды-Арена» мұз сарайында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді.
Республикалық біріншілікке 100-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында Михаил Шайдоров, Ахат Бралин, Диас Жиренбаев, Софья Самоделкина, Анна Левковец және Софья Фарафонова бар.
Чемпионат бағдарламасы (14 желтоқсан қысқы бағдарлама):
10:00-15:15 – спорт шеберіне кандидаттардың өнер көрсетуі;
15:30 – чемпионаттың ашылуы;
16:00-19:30 – спорт шеберлерінің қойылымдары және спорттық билер.
15 желтоқсан (еркін бағдарлама):
11:00-16:00 – спорт шеберіне кандидаттардың өнер көрсетуі.
16:00-20:00 – спорт шеберлерінің қойылымдары және спорттық билер;
20:00-20:45 – көрсетілімдік қойылымдар;
20:45-21:15 – марапаттау.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz