Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында спартакиада өтуде
Аталмыш турнирде айтамқтан 200-ден астам спортшы келіп, бақ сынауда. Спартакиаданың алғашқы екі күнінде тірек-қимыл аппараты зақымданған, есту және көру органдары бұзылған спортшылар бақ сынады.
Жарысқа қатысушылар шағын футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, дойбы және тоғызқұмалақ сынды спрт түрінен сынға түсуде.
– Спартакиада «Жастар» спорт кешенінде, «Шахтер» стадионында және Нүркен Әбдіров атындағы спорт сарайында өтеді. Жылдан жылға қатысушылар саны артып келеді. Мүгедектер спортының дамуы тек жоғары жетістіктер спорты ретінде ғана емес, сонымен қатар бұқаралық спорт ретінде де қарқын алуда. Қатысушыларға жеңіс пен жоғары спорттық жетістіктер тілеймін, – деді облыстық мүгедектер спорты мамандандырылған мектебінің басшысы Елена Фархутдинова.
Қарқаралы ауданынан келген қатысушы Наталья Стрельцова:
– Мен үшін жарыстарға қатысу өте маңызды. Бұл маған тәжірибе беріп қана қоймай, жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік береді. Өткен жылы мен осы спартакиаданың қола жүлдегері атандым. Бүгін де мен жеңіске жеттім. Тенниспен үш жылдан бері айналысып келемін, бұл спорт маған ұнайды, – дейді ол.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz