Қарағандыда “Мәміле” клубы ашылды
Бүгін Қарағанды қаласындағы “Достық үйінде” қазақ тілін үйренушілерге арналған “Мәміле” клубының ашылу салтанаты өтті.
Алғашқы жиынға Владислав Тен, Мереке Әліпова және Баянгүл Әлиева сынды өз ісінің хас білгірлері қатысып, мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдірген тұрғындарға ақыл-кеңестерін айтты. Спикерлердің айтуынша, күнделікті тұрмыста, дүкенде, қоғамдық көлікте қазақ тілін неғұрлым көп қолдану мен қазақша ән-күйлерді тыңдау мемлекеттік тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының “Қоғамдықкелісім” КММ директоры Ерлан Құсайынның хабарлауынша, “Мәміле” клубының отырысы әр жексенбі сайын сағат 16:00-де “Достық үйінде” өтеді. Оған барлық тұрғындар тегін қатысып, қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіре алады.