Руханият

Қарағандыда ұлттық өнерді насихаттау мақсатында шара өтті

Жаһандану дәуірінде кез-келген ұлтты сақтап қалатын дүниенің бірі – ұлттың төл тарихы, мәдениеті мен тілі. Осы жолда қазақтың төл өнерін, мол мұрасын жас ұрпақтың бойына сіңіріп, келешекке насихаттау мақсатында өңірде Daraboz қоғамдық қоры жұмысын бастаған болатын. Аталмыш қор Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Жаса, жаңа Қазақстан» атауымен қайырымдылық концертін өткізді.

 

Аталған шара Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде өтті. Шара барысында әннен шашу шашылып, күй шертілді.

 

– Бұл біздің бірінші концертіміз. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұйымдастырғалы отырған шараға өзгерістер енгіздік. Қазақ дінін, тілін, тарихын жоғары қоятын халық. Біздің де басты мақсатымыз осы. Алда әлі талай жоспар бар, – деді қордың негізін қалаушы және құрылтайшысы Әсемгүл Жақыпова.

Мерекелік концертте қор дизайнерлерінің қолынан шыққан ұлттық киімдер көпшілік назарына ұсынылды. Бұл жерде қор мүшесі Майммуна Сәрсенбаеваның қолынан шыққан кимешегі таныстырылды. Сонымен қатар, Айсұлу Берлібекқызының, Алмагүл Әтеннің және тағы да басқа қор мүшелерінің өнер туындылары ұсынылды.

 

Одан бөлек, қор мүшелерінің төл туындылары сатылымға қойылды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button