Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда құлаған лифтіде болған екінші адам қайтыс болды

30 қазанда “Build Invest” құрылыс компаниясы салып жатқан “Медина” тұрғын үй кешенінде жантүршігерлік қайғылы оқиға болды.

Сурет: turkystan.kz

Аталмыш тұрғын үй кешенінде лифті құлап, бір адам оқиға орнында көз жұмса, екіншісі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген болатын. Бүгін оның қайтыс болғаны белгілі болды. Денсаулық сақтау басқармасы фактіні растады. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button