Жаңалықтар

Қарағандыда әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды

3 қаңтар күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдары және полициямен бірге Қарағанды облысының тұрғынын ұстады.

Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ол жұмыс орнында және әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деп айыпталып отыр. Тергеу барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button