Коронавирус

Қарағандыда коронавирустан жазылғандардың саны 13 адамға жетті

Бүгін Қарағанды облысында 1 науқас коронавирус инфекциясын жеңді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

“2000 жылы туған ер адам жазылып, ауруханадан шығарылды. Ол – “Минск-Нұр-Сұлтан”  рейсінің жолаушысы. Толық емдік курсынан өткеннен кейін, 2 мәрте ПТР (полимеразды тізбекті реакция) сараптамасын тапсырды. Зерттеу нәтижесі науқастың вирусты жеңгенін көрсетті. Қазіргі таңда сырқаттан айыққан азамат 14 күнге үй карантиніне жіберілді.  Қарағанды облысында індеттен жазылып шыққандың жалпы саны 13 адамға жетті”, – делінген хабарламада. 

Басқа материалдар

Back to top button